Шығыс Қазақстанда шығын есептеле бастады

Семейдегі дүрбелең кезінде әкімшілік ғимараттың бес қабаты бүлінген.
Татьяна Карпова, ПД баспасөз қызметінің басшысы:
-Ұсталғандар арасында есірткі шеккен және мас адамдар бар. Қазір сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша заңсыз іс-әрекеттерге процессуалдық баға беріледі. Бұзақылардың қолынан 25 қызметкер зардап шекті, пышақ жарақатын алғандар да бар. Кейбіреулері ауруханаға жатқызылды, өзгесі дене жарақатына қарамастан төтенше жағдай режимінде қызметін жалғастырып жатыр.