Шикізат жеткілікті болған соң өңдеу саласының аяқалясыда жақсарған. Мәселен бүгінде өсімдік майының өндірісі 580 мың тоннаға жетіпті. 90 мың тонна жарма әзірленген. Балмұздақ дайындау 18% артып, 44 мың тоннаны құраса, макарон 150 мың тоннадан асқан. Ауыл шаруашылығын әртараптандыру үшін 2023 жылы кей дақылдар бойынша алқап көлемін арттыру жоспарланып отыр.
Дамир Егізбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі: - Қарақұмықтың көлемін 21,6 мың гектарға, майлы дақылдарды – 159,4 мың гектарға, қант қызылшасын – 3,8 мың гектарға, көкөніс және бақша дақылдарын – 1,0 мың гектарға арттыру межеленіп отыр. Сонымен қатар мал азықтық дақылдардың егіс көлемін арттыру бағытында жұмыстар жасалып жатыр.