Қазақстан-Әзербайжан сауда айналымы $1 млрд жетеді

  • 970
  • 22.06.2023, 18:03

Қазіргі көрсеткіш 185 млн долларды құрап отыр. Елге ресми сапармен барған Әлихан Смайылов тараптар арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейту бойынша жұмыс істеліп жатқанын айтты. Сапар барысында Қазақстан Премьері Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемін жеткізді. Әлихан Смайылов өз сөзінде әзербайжан халқының Жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің 100 жылдық мерейтойының маңызы зор екенін атап өтті. 

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі: 
- Әзербайжан еліміздің Оңтүстік Кавказдағы ең маңызды сауда-экономикалық серіктесі. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы $460 млн асты. Жалпы екі ел арасындағы байланыс сенім мен түсіністікке құралған. Бұл көпке үлгі үрдіс.