Хабар телеарнасы

Елде доллар бағамы төмендеді

Биыл қаңтар айында 530 теңгеге дейін жеткен АҚШ валютасы кешелі бері 497 теңгеге түсті. Сарапшылар мұны долларға деген сұраныстың төмендеуімен байланыстырады. Бейсенбі күнгі жалпы сауда көлемі 311,7 млн доллар болған. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 22,3 млн долларға аз. Одан бөлек теңгенің нығаюына геосаяси тәуекелдердің төмендеуінен туған нарықтағы оң нәтижелер де сеп болуы мүмкін. «Сондай-ақ Ұлттық банк жүргізген валюталық интервенцияларды да ескерген жөн»,– дейді мамандар.

Сапарбаев Жобаев, экономист:

-Трамптың Ресей президентімен 1,5 сағат сөйлескені ол рубльдің күшеюіне алып келді. Себебі ертең расында да соғыс тоқтап, кейбір санкциялар алынып тасталса, онда рубль мен Ресейдің жағдайы жақсара бастайды. Мен бұны бұдан әрі теңге қуаттанады дегеніне оншалықты мүмкіндік жоқ сияқты.