Хабар телеарнасы

Ел экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі артқан

Тек өткен жылдың үшінші тоқсанында 2,8 пайызға ұлғайып, 57 трлн теңгенің өнімі өндірілген. Бұл туралы Сенатта шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларына арналған жиында айтылды. 

Белгілі болғандай, енді кәсіпкерлікке көмек көрсету бағытындағы іс өзгеруі мүмкін. Мәселен, «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктіру көзделіп отыр. Сондай-ақ бәсекеге қабілетті, импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған салаларды дамытуға басымдық берілмек. Депутаттар сауда, білім, көлік бағытындағы жобалардан өзге, өңдеу өнеркәсібіне мейлінше назар аудару қажет, - деді. Әрі бұл саланы қаржыландыруға банктерді тарту керектігін айтты.

Бауыржан Омарбеков, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі: 

- «Бәйтерек» қоры арқылы экономиканы ырықтандыруға, экономикаға тағы да қосымша серпіліс беруге 8 трлн теңгедей қаржы бағытталатын болады. Оның әрбір бағытының бәрі анықталды, яғни ірі бизнеске, шағын және орта кәсіпкерлікке, экспортты қолдау, жалпы мынау банктер бар.