Нигерия нарығына жол салынды

  • 592
  • 02.06.2025, 18:34

Қазақстандық бидайды Нигерияға жеткізу ниетіміз бар. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің Нигерия Федеративті Республикасы Ифе Королі Оони Адейейе Энитан Огунвусимен кездесуі кезінде сөз болды. «Орта дәліз арқылы Солтүстік және Батыс Африка нарығына тауар экспорттауға әлеуетіміз жеткілікті»,деді Үкімет басшысы. Екі тарап сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және логистика, энергетика, геологиялық барлау, цифрлық технология саласындағы өзара іс-қимылға назар аударды. Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан мен Африка елдері арасындағы жалпы тауар айналымы 15,4%-ке  өсіп, 790 млн АҚШ долларына жуықтаған еді.