Биыл қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның экономикалық өсімі 6,3% жетті. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз конференциясында айтылды. Негізгі драйвер көлік саласы бастап тұр. Көрсеткіш 22% асқан. Құрылыс 18% өсіпті. 2025 жылы 9,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Сауда саласында да өсім байқалады. Көрсеткіш 8,6%. Тау-кен өнеркәсібінің өсімі де осы шамада.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі:
-Негізгі капиталға салынған инвестиция 16,1% өскен. Инвестицияның ең көп өсімі білім беру саласында 2,3 есе, қаржы қызметінде 90,1%, өңдеу өнеркәсібінде 38,7%, ауыл шаруашылығында 27%, денсаулық сақтауда 17,5%, көлікте 17% мөлшерінде байқалады.
Вице-премьер Қазақстанда экономиканы әртараптандыру жалғасып жатқандығын атап өтті. Соның ішінде шикізатты терең өңдеу және аралас салаларды дамытуға басымдық берілген. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 6% артқан. Металл бұйымдар өндірісі мен машина жасау 14% ұлғайған. Тамақ өнімдері 9,2%, мұнай өңдеу 8,6%, химия өнеркәсібі 6% артқан.