Ұлттық қордағы 2,85 трлн теңге түгел жұмсалып кеткен

  • 26
  • 28.10.2025, 19:42

Бұл туралы Қаржы министрлігі хабарлады. Түскен қаржының негізгі бөлігі мұнай секторынан қамтамасыз етілген.

Атап айтқанда, корпоративтік табыс салығынан 876 миллиард теңге, пайдалы қазбаларды өндіру салығынан 780 миллиард теңге түсті. Ал экспортқа ренталық салықтан 244 миллиард, артық табыс салығынан 35 миллиард теңге түсім болды. Өнім бөлу келісімдерінен түскен үлес 803 миллиард теңгеге жетті. Алайда түскен қаржының 99,9 пайызы басқа мемлекеттік деңгейлерге трансферт ретінде аударылған. Ұлттық қор шотында қалған сома — бар болғаны 354 миллион теңге.