Электронды сауда көлемі ұлғаятын болады

  • 3
  • 01.12.2025, 18:38

Жалпы өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл бағыттағы сауда көлемі 3,2 триллион теңгені еңсерген. Тұтынушылар негізінен электротехника, смартфондар, тұрмыстық химия және азық-түлік сатып алған. Енді 2029 жылға дейін электронды сауданың бөлшек саудадағы үлесін 18 пайыздан асыру көзделіп отыр. Бұл үшін тиісті жоспар бекітілді. Бірқатар платформалар делдалдар санын азайтып, тауар құнын төмендету үшін Қытайдан заттарды тікелей сатып алуға көшкен.

Айгүл Оразаева, ҚР СИМ Ішкі сауданы дамыту департаменті басқармасының басшысы:

- Оқыту курстарын барлық өңірде енгізу, заңнаманы жетілдіру бағытында жұмыстар, инфрақұрылымды дамыту бағытында жұмыстар жүргізіп жатырмыз және біздің шағын және орта бизнес өкілдерінің отандық өнімдерді шетелдік маркетплейстерге шығу бағытында да біз қазіргі таңда жұмыстар жүргізіп жатырмыз.