Бұл 65 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Мәскеуде өткен ынтымақтастық жөніндегі палатаралық парламенттік комиссияның 12-ші отырысында айтылды. Екіжақты тауар айналымын 30 миллиард долларға жеткізу міндеті қойылған. Отырыс барысында депутаттар логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және мәдени-гуманитарлық байланыс салаларындағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады.
Альберт Рау, ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері:
- Қазақстан өткен 20 жылда Ресей экономикасына 9 млрд доллар инвестиция салған. Ал ресейлік инвесторлар – 28 млрд долларға жуық. Біз парламенттік дипломатияның күшіне сенеміз, жұмысымыз да жүйеленген. Түрлі алаңдарда кездесіп тұрамыз, позициямыз да сәйкес келеді.