Өңірлердегі шағын және орта кәсіпкерліктің аяқ алысы қандай?        

  • 2157
  • 29.01.2026, 21:39

Былтыр ел экономикасы 6,5 пайыз өсті. Ішкі жалпы өнім 300 миллиард доллардан асты, ал жан басына шаққандағы үлес тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет 15 мың доллар болды. Бұл туралы Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы мәлім етті. Республикамызда бизнесті қолдаудың қандай шаралары бар? Өңірлердегі шағын және орта кәсіпкерліктің аяқ алысы қандай?        

Бүгінде елімізде 2 млн-ға жуық шағын және орта кәсіпкер бар. Солардың бірі Гауһар Оразғалиева кәсібінен нәсіп көремін деушілерге айрықша қолдау бар екенін айтады. Тегін кеңес алып, бизнес жоспар жасаудан бастап, салық режимін таңдауға дейін мол мүмкіндік қарастырылған.   

Гаухар Оразғалиева, Кәсіпкерлер палатасы «Оқу орталықтары» кіші комитетінің төрағасы, кәсіпкер:

-35 жасқа дейін қолдау шаралары және серебренный возраст деп аталады, 23 жас программасы бар. Және алғашқы жұмыспен қамту. Жыл сайын 5 млн дейін грант беріледі. Қазақстанда кәсіпкерлерге 0-ден бастауға барлық жағдай жасалған деп ойлаймын. Мен өзім ашып жатқанда да сондай жағдай болған. Әйел адамға ең бастысы қолдау керек. Мен сол қолдауды жолдасымнан және ата-енемнен алғанмын. Ең бастысы  білім, идея.

Кәсіпкерліктің дамуы – экономиканың негізгі тірегі. «Түркістан» газетіне берген сұхбатында ел Президенті осылай деді. Бұған негіз де жоқ емес. Бизнес иелері кәсібін дөңгелетіп қана қоймай, ел тұрақтылығын қамтамасыз етіп отыр. Жылдан жылға жаңа өндіріс орындары да нығайып келеді. Мемлекет өңірлердегі шағын бизнесті қолдау үшін «Іскер аймақ» бағдарламасын әзірледі. Бұл шамамен 23 мың жобаны қолдауға мүмкіндік береді. 30% субсидия Абай, Ұлытау, жетісу, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарына берілмек. Биыл осы бағдарлама арқылы 5 жаңа жоба жол тартады.

Динара Ақынбекова, «Атамекен» ҚР ҰКП Бизнесті реттеу департаментінің директоры: 

-Соңғы бірнеше жылдың ішінде әкімшілік кедергілерді мемлекеттік кедергілерді төмендетуге қатысты заңға түзетулер енгізу бойынша 9 пакет түзетулер қабылданды. Соңғы 2024 жылы қабылданған заңға сәйкес кәсіпкерлерге қатысты 10 мыңға жуық талап қысқартылды. Кәсіпкерлердің тәуекел деңгейін басқару бойынша автоматтандырылған жүйе енгізілді. Кәсіпкерлерге қатысты талаптардың ақпараттық жүйедегі электронды тізілімі жасалды. Бұл жұмыстарды жалғастыру керектігін Президент тапсырма берді. Қазіргі кезде Үкіметпен бірлесе осы жұмыс қайта басталады. 

Шағын және орта  бизнес өкілдері eGov Business мобильді қолданбасының көмегімен мемлекеттік қызметтер мен сервистерді пайдалана алады. Сондай-ақ «Е-Өтініш» порталы, Кәсіпкерлердің құқын қорғау жөніндегі Кеңес  Бас прокуратура жанындағы Мамандандырылған комитет қашанда бизнес иелеріне қолдау көрсетуге дайын.

Құралай Жұмахан, Әлібек Әлиев, Қайрат Кальянбеков