Елордада V Еуразиялық экономикалық форум басталды

  • 8
  • 28.05.2026, 19:32

Астанада V Еуразиялық экономикалық форум басталды. Іс-шараға 44 елден 3 мыңға жуық адам қатысты. Күн тәртібінде цифрландыру, ортақ нарықты дамыту, экономикалық байланыстарды тереңдету және үшінші елдермен өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Бірқатар келісімге қол қойылып, өңделген өнімдерді шығару мәселесі пысықталды.

Ердәулет Ыбырайұлы, тілші:

- Еуразиялық экономикалық форум. Жиынға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения елдерінің өкілдерімен қатар, бақылаушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың делегациялары да қатысты. Ұйымның құрылғанына 11 жыл болды. Сарапшылардың бағалауынша, осы аралықта оның қызметі Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштеріне оң әсерін тигізді. Мәселен, еліміздің серіктес мемлекеттермен өзара сауда көлемі 89,6%-ға артыпты. 2015 жылы көрсеткіш 16,3 млрд АҚШ долларын құраса, 2025 жылы 30,9 млрд АҚШ долларына жеткен. Үшінші елдермен сауда көлемі 60-тан 113 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайған.

Александр Субботин, ЕЭК Техникалық реттеу министрі:

- Біз айналымдағы барлық тауарларды қарап шықтық. Соның шамамен 85 пайызы ортақ стандарттарға сәйкес келеді және сол стандарттар бойынша жұмыс істейді. Қазір әрбір бағытта жасанды интеллект енгізіліп жатыр. Форумда цифрландыру тақырыбы жеке талқыланды. Оның артықшылығы көп. Әрбір бағыт бойынша бұрын қандай да бір сертификатты алу, шынайылығын растау бірнеше күн уақыт алатын. Ал қазір мұның бәрін бір батырманы басу арқылы жасауға болады.

Бұл тек экономикалық ұйым. Оның жұмысы тауарлардың, қызметтердің, жұмыс күшінің және капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз етуге негізделген. Соңғы жылдары  кооперациялық жобаларды дамытуға ерекше назар аударылуда. Яғни елдер бірлесе отырып дайын өнім шығаруға көшуге ниетті.

Данил Ибраев, Қырғызстан Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының президенті:

- Ұйымға мүше елдер күш біріктіріп, ортақ өнім шығарады. Осындай жирмаға жуық жоба бар. Мысалы, құрылыс материалдары мен арнайы қағаз өндіру шамамен бір жылдан кейін іске қосылады. Қазақстан тарапынан да көптеген бастамалар бар. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тамақ өнеркәсібі бойынша ұсыныстарды жүзеге асыра бастаймыз. Қырғызстан мен Қазақстанның бұл бағытта әлеуеті зор. Терең өңделген тауарлар шығарсақ, онда тек Еуразиялық одақ нарығын ғана емес, жақын және алыс шетел нарықтарын да қамти аламыз.

Форум аясында бірқатар меморандумға да қол қойылды. Солардың бірі ұйыммен Куба елі арасындағы ынытымақтастықты нығайтуға арналған.

Бақытжан Сағынтаев, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы:

- Әрине, әр мемлекет өзінің тарапынан қызығушылығын көрсетеді. Мысалы, біз қандай тауарларды осында әкелеміз, қандай тауарлар ол жаққа барады. Жол ашылғаннан кейін бизнес өзі қарай береді. Негізінен бізде қантқа байланысты ғой. 

Форум аясында таңғы тоғыздан бастап панельдік сессиялар ұйымдастырлды. Бағадарлама аясында 30 жуық іс-шара өкізу жоспарлануда.

Ердәулет Ыбырайұлы, тілші: 

- Сонымен қатар форум барысында 14 келісім, меморандум және ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылады. Іс-шара 29 мамырда аяқталады.

Ердәулет Ыбырайұлы, Қанат Әбілдин