Премьер-министр Минскідегі «ИННОПРОМ. Беларусь» көрмесіне қатысты

  • 3
  • 02.10.2026, 18:33

Alem.Cloud және AL Farabium суперкомпьютерлік кластерлері, Халықаралық Alem.ai жасанды интеллект орталығының болуы мен кәсіпорындарға жасанды интеллектіні енгізу роботтандыруға мықты негіз қалыптастырады. Бұл жайында Олжас Бектенов Минск қаласында өтіп жатқан «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіп көрмесінде айтты.

Үкімет жетекшісі пленарлық отырыста сөз сөйлеп, Президент айқындаған Қуатты әрі Озық Қазақстанды құру бағыты аясында, ел экономикасы шикізаттық модельден қосылған құны жоғары өңдеу өндірісін дамытуға бетбұрыс жасағанын атап өтті.

2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық жоспар аясында 90 млрд доллардан астам сомаға жобалар жүзеге асырылады. Бұл өнеркәсіп кооперациясын дамытуға, жаңа кәсіпорындар құруға және тұрақты өндіріс тізбегін қалыптастыруға серпін бермек. Бұдан бөлек, Қазақстанда көлік-логистикалық әлеуетті дамыту және негізгі транзиттік дәліздерді жаңғырту жүргізіліп жатыр.