Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Балқаш және Мойынқұм атом стансаларының құрылысы келесі жылы басталады

  • 17
  • 28.10.2026, 18:05

Алдағы жылдың басынан елімізде ең төменгі жалақы мөлшері өседі. Ол туралы бүгінгі Жолдауында Мемлекет басшысы мәлімдеді. Сондай-ақ бірқатар бюджет қызметкерлерінің де табысы молаятынын атап өтті. Келесі жылы Балқаш және Мойынқұм Атом стансаларының құрылысы басталады. Президент Жолдауда ауылшаруашылығы, энергетика, цифрландыру, тау-кен металлургия ж.т.б салаларды ілгерілету жөнінде маңызды мәлімдемелер жасады.

Берік Дүйсенбай, тілші

-Біз экономикалық тәуелсіздікке ұмтылсақ, оған жетудегі қазіргі ақиқат – электр қуатынсыз дамимын деу құрғақ қиялға барабар. Себебі халық саны, тұтыну көлемінен бөлек өндіріс орындары қосылып жатыр және цифрлық инфрақұрылым біткеннің барлығы қуат көзіне қарайлайды.

Осы орайда еліміздің энергетикасы тапшылықпен қатар ашкөздік сияқты да түйткілге ұрынып отыр. Президенттен сын. Ол қысқы сұраныс өскен уақытта жоғарылатылған бағаға көрші елдерден қуат көздерін алып, жазда оны төмен бағамен бөлуді бизнеске айналдырып отырғандарды сөкті. Қазір 123 млрд квт/сағ электр энергиясын өндіріп отырмыз. Бұл 14 гигват. Бірақ деректерді өңдеу орталықтарын салу қосымша жүктеме туғызады. Тиісінше алдағы 3 жылда орнықты энергопрофицитке қол жеткізуіміз тиіс. Ал ол үшін таза көмір технологиясын қолдана отырып, жылу электр стансаларын, жаңартылатын энергокөздер есебінен яғни жел, күн электр стансаларын салу арқылы қосымша 8 гигаватт қуат көзіне қол жеткізіледі. Жиыны 2035 жылға дейін 25 гигватт энергия көздері іске қосылмақ. Ал келесі жылы Балқаш және Мойынқұм атом электр стансаларының құрылыстары басталуы тиіс.  

Жолдауда айтылған аса маңызды бағыттың тағы бірі – сирек кездесетін минералдар. Бұл - біздің стратегиялық қайнарымыз. Бірақ қойнауымыз кенге толы деген сөз, баймыз дегенді білдірмейді. «Жердің астындағы металлды қазып, жердің үстіндегі игілікке айналдыру үлкен күш жігер мен шығынды қажет етеді. Ол үшін геологиялық барлау тетіктерін жаңартқан абзал»,- дейді Президент. Әйтпесе ескі әдіспен есіміз шығып отыра беретініміз анық. Енді бұл бағытта біраз дүние өзгермек.

Президент айрықша тоқталған бағыттың бірі – ауыл шаруашылығы. Саладағы өнім көлемі қазір 15 триллион теңгеге жетті. Соңғы жылдары жеңілдетілген шарттармен қаржыландыру көлемінің өсуі өнімділікке әсер етті. Қазір қаржыландыру 1 триллион теңгеден 1,5 триллион теңгеге дейін ұлғайды.

Ауыл шаруашылығы шикізаттық сектор ғана десек қателесіміз. Саланың бір бағыты – терең өңдеуге құрылған тағам өнеркәсібі. Бәйтерек холдингі қазір жалпы құны жарты трлн теңгеден асатын әлеуеті зор жобалардың тізімін дайындап отыр. Енді оларды жеңілдетілген шарттармен созбалаңға салмай қаржыландыру қажет. Әсілінде агроөнеркәсіп кешені технологиялық жаңғыртуға сұранып тұрған сала екенін атап өтті Президент.

Цифрландыру бұдан былай барлық саланы дамыту ісінің негізі өзегі бола береді. Қазіргі банктік қосымшалар, маркетплейстер, қызмет көрсетудегі озық игіліктерге тоқмейілситін емес. Ендігі меже халықтық цифрлық экономиканы құру. Яғни жасанды интеллект, блокчейн және цифрлық платформалар тұтынушылық тиімділікке ғана емес, жасампаздыққа, еңбек өнімділігін арттыруға, табыс табуға жол ашатын игілікке айналуы тиіс.

Әсілінде ауқымды өзгерістер айналып келіп қаражатқа тіреледі. Қазір еліміздің банктеріндегі активтер 75 трлн теңгеге жеткен. Депозиттік салымдар – 52 трлн. Оның 82 пайызы ұлттық валютамызда екенін ескерсек теңгеге сенім бар. Енді осы алапат ақшаны экономикаға бағыттаудың жолы мен жөні керек. Президент Ұлттық банктен ұсыныстар күтетінін атап өтті.

Енді қалың қауымға қуанышты жаңалық. Ең төменгі жалақы көлемі көтерілетін болды. Ол дегеніңіз басқа да төлемдерге, атап айтқанда мемлекеттен

Сонымен келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеріледі. Бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді.

Сол алдағы жылдың басынан бастап медицина саласын, оның ішінде медициналық санитарлық көмек жүйесін қаржыландыру көлемі өседі. Президент осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырды. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын өсіруге мүмкіндік береді.