Ұлттық банк төрағасы: Базалық мөлшерлеме 16,75% деңгейінде сақталды
Бірақ мамандар қымбатшылық жайлап бара жатыр дейді. Алайда Ғалымжан Пірматовтің айтуынша жыл соңында көтерілген базалық мөлшерлеме биылғы инфляцияның төмендеуіне әсер етуі мүмкін. Айта кетейік, ендігі мөлшерлеме шешімі болжамдық раунд нәтижесінде 24 ақпанда қабылданбақ.
Ғалымжан Пірматов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:
-Ұлттық банк инфляциялық таргеттеу саясатын ұстануды жалғастырады. Біздің 2023 жылғы негізгі міндетіміз — инфляцияны тұрақты түрде төмендету, орта мерзімді перспективада нысаналы бағдар деңгейіне қайтару. Болжамды раунд кезінде біз болжамдар мен бағалауларымызды жаңартамыз.