Хабар телеарнасы

Астанада Media Lab журналистика орталығы ашылды

Мұнда корреспонденттердің, әсіресе аймақтағы тілшілердің біліктілігін арттыру, салалық журналистиканы жетілдіру, баспасөз хатшыларының кәсіби дағдыларын дамыту көзделген. Шараға қатысқан Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі осылай деді. Салалық министрлікке қарасты Қазақстандық қоғамдық даму институтында орналасқан орталықта медиа мамандардың біліктілігін арттыруға қажетті жағдай жасалған. Бұдан бөлек журналистика мамандығы бойынша оқып жатқан студенттерге де әдістемелік қолдау көрсетіледі. Қазір елдің 24 университетінде 5 мыңға жуық студент медиа мамандығы бойынша білім алып жатыр.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
-Бағдарламалар ескіріп бара жатыр. Мазмұнды толыққанды толтыруымыз керек. Журналистика медиа саласына шыққан жаңа құралдарды оқытуымыз керек. Сондықтан екі министрлік бірігіп, осы саланың, медиа саланың жаңа мамандықтар картасын жасауға да келісіп отырмыз. Соның негізінде 24 ЖОО оқу бағдарламасы да өзгермек.

Нұрбек Матжани, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы:
-ЖОО оқу бағдарламаларына аудит жүргізіп, солардың силабустарын заман талабына сай жаңартып берумен, сонымен қатар оқу процессіне қажет болады-ау деген әлемнің үздік оқу орындарында әзірленген кітаптарді қазақ тіліне аударғымыз келеді.