Елорда күніне орай Павлодар облысындағы ауылдарға жедел жәрдем көлігі берілді
Астана күні мерекесінде Павлодар облысындағы бірнеше ауылдық дәрігерлік пункттердің техникалық базасы жаңартылды. Павлодар ауданында 29 медициналық мекеме жұмыс істейді. Басым бөлігі заманауи санитарлық көліктермен қамтылған. Десе де, әлі күнге дейін тозығы жеткен техникамен халыққа қызмет көрсетіп жүргендері бар. Бұл олқылықтың да орны толды. Сондай-ақ мереке күні Павлодар қаласында 50 жаңа қоғамдық көлік жолға шықты.
Гүлназ Қайырбаева, аудандық емхананың жетекшісі:
-Жаңа көліктер Астана күніне орай тосын сый болды. Қуанышымызды шек жоқ. Кей ауылдардағы көліктерімізді 23 жыл бойы пайдаланып келді. Әбден ескірді. Алыс ауылдарға жетуге қиын болатын. Енді бұл күндер артта қалды.
Олег Долгих, автобус жүргізушісі:
-Ескі көліктер ыңғайсыз болатын. Іші тар, ыстық дегендей. Оған қоса, жиі қирап қалатын. Енді жағдайымыз өзгерді. Автобустың ішінде кондиционер бар, бейнебақылау камералары орнатылған. Жолаушылар үшін де жайлы.