«Хабар» Агенттігі «Шаңырақ әуендері» отбасылық байқауын жариялайды

Байқауға қатысу үшін төменде көрсетілген жоба талаптарын ұйымдастыруыңыз шарт.
«Шаңырақ әуендері» байқауына қатысу үшін:
- қалаған кез келген әнді отбасыңызбен орындап (әнді музыканың сүйемелдеуімен немесе тек өз дауыстарыңызбен айтуға болады);
- әннің орындалуын видеоға түсіріп;
- түсірілген отбасылық бейневизитканы singingfamily@khabar.kz поштасына жібересіз;
- сондай-ақ ары қарай конкурс ұйымдастырушыларымен байланыста болғаныңыз абзал.
Байқаудың бірінші кезеңі 1 мамыр күні басталды.
Екінші кезең 8-15 мамыр аралығында өтетін болады.
Отбасылық шығармашылық командалар бақ сынасатын байқау туралы барлық ақпараттарды singingfamily.kz мекенжайынан таба аласыздар. Өнерлі жанұялардың сайысқа түсетін алаңы Сіздерді күтеді!
Толығырақ мәлімет төмендегі сілтемеде: https://www.youtube.com/watch?v=srtt2WVpev0