Junior Eurovision халықаралық ән байқауына өтінім қабылдау аяқталды

Ұлттық іріктеу кезеңінде қазылар алқасының мүшелері jevision.khabar.kz сайтында интернет-дауыс беру кезеңіне өтетін өтінімдердің арасынан ең мықты 30 қатысушыны таңдайды.
Интернет-дауыс беру қорытындысы негізінде 19 желтоқсан күні Парижде өтетін финалда Қазақстанның атынан шығу құқығы үшін жарысатын 10 финалистің есімдері анықталады. Бірінші кезеңнің қорытындысы Ұлттық іріктеудің jevision.khabar.kz ресми сайтында жарияланады.