Онлайн-дауыс беру jevision.khabar.kz сайтында басталды. Еске сала кетейік, Ұлттық іріктеудің бірінші кезеңі 29 қыркүйектен 6 қазанға дейін жалғасты. Қазақстанның барлық өңірінен барлығы 819 өтінім келіп түсті. Келесі кезеңге өткен 30 қатысушының тізімі jevision.khabar.kz сайтында жарияланды. Онлайн-дауыс беру 12 қазанға дейін жалғасады.Сондай-ақ «Junior Eurovision-2021» Ұлттық іріктеуі қазылар алқасының тізімі белгілі болды. Олар:
- Сазгер, музыканы көркемдеуші, екі рет Junior Eurovision байқауында 2 орынға ие болған әндердің авторы, «Қазақстан дауысы-2021» жобасының музыкалық продюсері – Хамит Шаңғалиев;- Қазақстанның эстрада әншісі, «Жас Қанат» жастар байқауының жеңімпазы (1999 ж.), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Мәдина Сәдуақасова;- «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «Паланга-2019» халықаралық байқауының жеңімпазы, «Славян базары-2020» халықаралық байқауының 3 орын иегері – Бексұлтан Кенішқалиев;- Әнші, жыл сайынғы «Бақытты бала» фестивалін ұйымдастырушы «DimashАli» продюсерлік орталығының директоры – Қанат Айтбаев;- Продюсер, сазгер, музыканы көркемдеуші, Димаш Құдайбергеннің саундпродюсері – Ерлан Бекчурин;- Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», «Бозторғай», «Шаттық» халықаралық конкурстарының директоры, Халықаралық конкурстар мен фестивальдар ассоциациясының мүшесі, «Витебскідегі Славян базары» халықаралық өнер фестиваліндегі Қазақстанның ресми өкілі – Қарлығаш Әбдікәрімова;
- Динара Бисембина, «Хабар» телеарнасының директоры.