Әлем баланың көзімен. Бүгін Астанада «Өзгерістер толқыны» атты балалар көрмесі ашылды. Оған Павлодар облысы, Ақсу қаласы балалар өнер мектебінің шығармашылық жұмыстары қойылды. «Ұлы дала», «Қуаныш», «Көктем», «Дала биі» сынды 40-қа жуық туынды көрермен назарына ұсынылды. Мұндағы әр картинадан баланың ішкі жан дүниесі мен оның әлемге, болашаққа деген көзқарасын байқауға болады.