Елімізде республикалық Asia Talents балалар байқауы ұйымдастырылды
Елімізде алғаш рет республикалық Asia Talents балалар байқауы ұйымдастырылды. Елордаға жан-жақтан талантты 40 оқушы келді. Олар түрлі жанрда ән айтып және аспаппен шығарма орындап, бақтарын сынады. Алдағы уақытта Алматы, Шымкент Ақтөбе және Атырау қалаларында да Asia Talents байқауы ұйымдастырылады.
Оза шауып бас жүлде алған 10 оқушы Әзербайжан және Еуропа елдерінде өтетін халықаралық додаларға жіберіледі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрермендер қатарында отырған продюсерлер алдағы уақытта балаларға қолдау білдіреді. Ал шығарамашылығын шыңдап жүрген кішкентай таланттылар үшін бүгінгі сахна тәжірибе алмасу алаңы екен.
Айназ Қарақұл, мектеп оқушысы:
- Мен осы конкурсқа аспапта ойнау жанрынан Құрманғазының «Төремұрат» күйін орындаймын. Мен Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай өңірінен келдім. Мен домбырада ойнайтын болған соң конкурсанттардан басқа да тәжірибесін аламын. Сол сияқты бір-бірімізден опыт аламыз.
Нұрлан Өнербаев, ҚР еңбек сіңірген әртісі:
- «Ел іші – өнер кеніші», - дейді ғой. Сондықтан кез келген баланың бойында қабілет бар. Қазақшалап айтқанда «өнер» бар. Бірақ сол өнердің бағын ашу, жол сілтеу – осындай байқаулардың міндеті.