Хабар

Павлодар облысынан республикалық челленджге 120 домбырашы қатысты

«Домбыра үні» республикалық челленджіне Павлодар облысынан 120 домбырашы қатысты. Олар бір мезетте Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса», Дәулеткерейдің «Көроғлы», Құрманғазының «Сарыарқа» және халық күйі «Тепең көкті» орындады. Мұндай челлендж осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.

Ұйымдастырушылар мұның өскелең ұрпақты өнерге баулып, мәдени орта қалыптастырудың таптырмас құралы екенін айтады. «Домбыра үні» республикалық челленджі қазақ саз аспабының бірегейі құдіретті қара домбыраның құндылығын арттыра түскендей. 

Ғабиден Мейірханов, колледж студенті: 

- Осы челлендждің мақсаты негізі бұл балалардың, жастардың, ата-аналардың , мұғалімдердің осы домбырға қызықтыру, домбыраны танымал ету. Ал ең басты мақсат ол осы мәдениетті ары қарай жалғастыру және насихаттау.