Мұхтар Мағауиннің туғанына 85 жыл толуына орай музейлік дәріс өтті

  • 439
  • 28.03.2025, 18:39

 Ұлттық Музейде халық жазушысы, публицист Мұхтар Мағауиннің туғанына 85 жыл толуына орай музейлік дәріс өтті. Оған елорданың студенттері қатысты. Ақын-жазушылар мен әдеби-мәдени клуб жетекшілерімен өткен кездесуде Мұхтар Мағауиннің қазақ әдебиеті мен тарихына қосқан өлшеусіз үлесі, тіл өнерін дамытудағы мұралары сөз болды. Әсіресе, жазушының жыр-дастандарды тереңінен зерттеп, архаизм сөздерді қайта тірілткені, қазақ тілін байытып, оған екпін қосқаны сөз болды. Одан бөлек жастармен бірге автордың «Қыпшақ аруы», «Шахан-Шері» сияқты романдары талданды. «Мұхтар Мағауин - кейіпкерлер галереясын жасаған, шығармашылық зертханасы өте кең жазушы. Сондықтан оның өскелең ұрпаққа қалдырған мұрасы бай»,  деді жиналғандар.  

Тоқтарәлі Таңжарық, ақын:

-Мұхтар Мағауиннің қазақ мәдениетінде, қазақ руханиятында, қазақ тарихында немесе қазақтың бүгінгі саяси көзқарастарында да тіпті керек болса, ол кісінің ойы жатыр. Орны жатыр деп ойлаймын. Шынымен де егер жастар бір адамды оқу керек болса, мен Мұхтар Мағауинды көбінесе ұсынамын. Себебі жастардың барлығы әдебиетші болуы міндет емес, бірақ ұлттық танымды, ұлттық рухты, өзінің тарихын білуге талпыныс жасаса, онда міндетті түрде Мұхтар Мағауинді аттап өтуге болмайтын тұлғаның бірі.