Аспаздық кәсіпті жан-жақты меңгерген отандастарымыз осы шаруаны ширатып отыр.
Ерлі-зайыпты Жарқын және Мунира Әбділда сырт елдегі бизнесін 20 жыл бұрын бастаған. «Ол уақытта Әмірлікте бірде-бір қазақ дәмханасы болмаған», - дейді. Енді міне, біркелкі атау, әрі ас мәзірін ұсынатын үшінші мейрамхана ашылды. Тамақтану орнының атауы да ұлттық нақышта. Өзге елде жүрсе де төл болмысымыздан алыстамаған отбасы құндылықтарымызды одан әрі дәріптеп, мемлекеттік мерекелерді де көпшілікпен тұрақты түрде атап өтуді көздеп отыр.
Мунира Әбдуәли, мейрамхана менеджері:
- Негізі қазақтарды қимылы аз, жалқау деп айтады ғой. Олай емес. Кішкене тырысса, өте жақсы дамуға болады.