«Күмбірле, қоңыр домбыра!». Бүгін Ұлттық музей ән мен күйге бөленді. Бұл Ұлттық домбыра күніне және Қазақстанның халық артисі Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерекелік шара. Дәстүрлі өнерді дәріптеп жүрген майталмандар жас өнерпаздармен кездесті. Онда қазақтың қара домбырасы жайлы терең мағлұмат беріліп, өнер тарланы Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығынан қызықты естеліктер айтылды. Композитордың туындылары орындалды.
Қайрат Байбосын, Қазақстанның Халық артисі:
-Бұл өте мәнді, әсерлі дүние деп ойлаймын. Барлығы балалардан басталады. Талант та осының ішінде, композитор де осылардың ішінде, әншілер де осылардың ішінде. Бала деген бір көргенін өмірі ұмытпайды. Осының барлығы айналып келгенде ұлттық құндылығымызды дәріптеу ғой.