ЮНЕСКО «Киіз үйді жасау және қолдану дәстүрі» аталымын кеңейту туралы шешім қабылдады. «Қазақстан осыған дейін ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының репрезентативті тізіміне 14 аталым қосқан еді. Еліміз аталған көрсеткіш бойынша 183 мемлекеттің ішінде үздік 25 елдің қатарында тұр»,- деп жазды мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин телеграм парақшасында. Қазір Қазақстанның «Салбурын» ұлттық өтінімі және «Кесте тігу», «Киіз басу өнері», «Алпамыс жыры», «Тақия» аталымдары ЮНЕСКО-ның қарауында.