Енді санаулы күннен кейін көктем басталады. Биыл наурыз жұмыс күндерінің саны бойынша ең «қысқа» ай болғалы тұр. Мәселен, қазақстандықтар үшін 13 күн демалыс және 18 жұмыс күні болады. Биыл халықаралық әйелдер күні жексенбіге сәйкес келеді. Демалыс күндерін ауыстыру қағидаларына сәйкес, 7, 8 және 9 наурыз 3 күн қатарынан демалыс. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін жұмыс 9 наурызда басталады. Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21-23 аралығында атап өтіледі. Екі мерекелік күн демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, 24 және 25 наурызға қосымша демалыс беріледі. Яғни 21-25 наурыз бес күн қатарынан демалыс. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін төрт күн демалыс.