Наурызнама: 200 іс-шара ұйымдастырылады

  • 7
  • 12.03.2026, 21:55

Наурыз мерекесіне орай Астанада 200-ден астам іс-шара өтеді. Әдеттегідей мейрамның маңыздылығы мен ерекшелігін айшықтауға бағытталған Наурызнама онкүндігі ұйымдастырылады. Оның әрқайсысы ұлттық құндылықтар мен белгілі бір тақырыпқа арналады. 

14 наурыз Амал мерекесін тойлауға арналмақ. Ал 15-ші наурыз – Қайырымдылық күні, 16-сы – Мәдениет және ұлттық дәстүр дәріптеледі. Одан кейінгі үш күн – Шаңырақ, ұлттық киім және жаңару күні болып белгіленген. 20-шы наурызда ұлттық спорт түрлері насихатталса, одан кейінгі тәулік – Ынтымақ күні. Ал 22 наурыз – Жаңа жылдың бастауы. Келесі күн тазалық шараларына арналған.

Биылғы мерекелік шараларда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдары белсенді қолданылмақ. Ұлттық ойын түрлері қоғамдық орындар мен сауда үйлерінен бөлек, тұрғын үй кешендерінің аулаларында да ұйымдастырылады. Сондай-ақ ел өңірлерінен жеткізілген азық-түлік жәрмеңкесі өтеді. 

14 наурыз – Көрісу күні

15 наурыз – Қайырымдылық күні

16 наурыз - Мәдениет және ұлттық дәстүр күні

17 наурыз – Шаңырақ күні

18 наурыз – Ұлттық киім күні

19 наурыз – Жаңару күні

20 наурыз – Ұлттық спорт күні

21 наурыз – Ынтымақ күні

22 наурыз – Жыл басы

23 наурыз – Тазару күні