Елордада Шәмші Қалдаяқовтың әндері шырқалды

  • 11
  • 26.06.2026, 19:55

Елордада қазақ вальсінің королі - Шәмші Қалдаяқовтың әндері шырқалды. Әйгілі сазгердің туындыларын Түркістан облысындағы өзінің есімімен аталатын филармония ұжымы шырқады. Астаналықтар композитордың танымал әндерін бірге орындады.

Кеш барысында Шәмшінің шығармаларынан өзге, оның өмірбаянынан сыр шертетін фильмдер мен көзі тірісінде берген сұқбаттарынан үзінділер көрермен назарына ұсынылды. Мұндай концерт бұған дейін Қызылорда және Тараз қалаларында ұйымдастырылған. Филармония ұжымы алдағы апта елдің батысына бағыт алады. 

Айзада Өтегенова, Ш. Қалдаяқов атындағы филармония директорының міндетін атқарушы:

- Келесі біздің іс-сапарымыз Орал, Ақтау, Атырау сол қалаларда жоспарлап отырмыз. Біздер 63 жылдық тарихы бар үлкен ұжым болғаннан кейін «Ән аға – жан аға» деп Шәмшінің әндері орындалады. Сонымен қатар қазақ композиторларының классикалық шығармалары да орындалатын болады.