Алматыда С. Нарымбетовке ескерткіш тақта орнатылды

  • 8
  • 10.07.2026, 20:03

Алматы жұртшылығы көрнекті қазақ кинорежиссері, драматург, жазушы Сатыбалды Нарымбетовті еске алды. Қазақ киносының корифейі тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

Нарымбетовтің шығармашылық жолы 1970 жылдары басталған. Оның қоржынында әр түрлі жанрда түсірілген 20-дан аса фильм бар. Көрермен оның «Созақтан шыққан Гамлет», «Дала экспресі», «Омпа», «Мұстафа Шоқай» сияқты туындыларын жақсы біледі. Режиссердің соңғы картинасы «Аманат» фильмі саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тарихшы Ермұхан Бекмахановқа арналды. Ол сценарист ретінде де танымал. Қазақ киносының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Сатыбалды Нарымбетов Мемлекеттік сыйлықтың және «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағының иегері атанды.

Асқар-Мұхит Нарымбетов, кинорежиссёр, драматург:

- Қазақ киносын әлемге танытқан қазақ киносының ішінде Жорж Садуль деген бар ғой, халық арасында оны «Еуропалық Оскар» деп те айтып жатады. Авторлық киноның фундаментін сол кісі қалап кеткен. Бір жағынан жазушылығы бар, екінші жағынан драматургиямен айналысқан. Оның үстіне өзі жазатын, өзі түсіретін. Айта берсем, әкемнің қазақ халқына, қазақ киносына сіңірген еңбегі орасан зор.