Хабар телеарнасы

«Біріккен ұлт жеңеді!» атты ІІІ халықаралық бейне-материалдар байқауы өтті

«Біріккен ұлт жеңеді». Бұл — 3-ші мәрте өткен болашақ журналистер арасындағы халықаралық бейне-материалдар байқауы. Мақсат — елімізді әлемдік аренада дұрыс насихаттау, жастардың болашаққа сенімі мен елге деген сүйіспеншілігін арттыру. Биыл конкурсқа шетелдік студенттер де қатысуға ниет білдірген. Мәселен, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Испания, Корея және Чехиядағы студенттер еңбектерін жіберді. Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.