Маңғыстау облысында шектеу шаралары енгізілді

Маңғыстау облысында шектеу шаралары енгізілді
  • 2277
  • 30.03.2020, 09:08

Соған сәйкес азаматтардың саябақ пен алаңдарға баруына тыйым салынады. Сондай-ақ әуе, теміржол вокзалы мен сапаржайға шығарып салушылар мен күтіп алушылар кіре алмайды.

30 наурыздан бастап Ақтаудан аймақтың 5 ауданына қатынайтын қалааралық автобустар жүрмейді. Маңғыстау-Бейнеу бағытындағы пойыздың да қозғалысына шектеу енгізілді. Бұдан басқа облыстағы барлық интернет және ойын клубтары, өзге де халыққа қызмет көрсететін орындардың жұмысы уақытша тоқтатылды.