Қырғыз елі Ресейдегі жол апаты құрбандарын аза тұтып жатыр

  • 1513
  • 23.08.2022, 11:40

Жол апаты Ресейдің Ульянов облысында болған. Шағын автобус екі үлкен жүк көлігінің арасында қысылып қалған. Қаза тапқан жолаушылардың 14-і – Қырғызстан азаматтары. Тағы 3-уі жараланды.

Олардың жағдайы ауыр. Оқиғаға байланысты Қырғызстан Президенті Садыр Жаппаров халыққа үндеу жолдап, қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.