«АрселорМиттал Теміртауда» өндірісінде тағы жұмысшы қаза тапты

  • 8478
  • 08.12.2022, 18:05

Оны жүк артатын техника басып кеткен. Марқұм бірер күнде 40 жасқа толар еді. Қазір жантүршігерлік оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. Қараша айынан бері компанияға қарасты өндіріс ошақтарында үш қайғылы жағдай болып отыр. 3 қарашада Ленин шахтасында метан газы жырылып, 5 адам қаза болған еді. Бірнеше күннен соң «Қазақстан» шахтасының аумағында тағы бір жұмысшы қайтыс болды.