Ол таңертең мектепке бара жатқан. 51 жастағы Toyota автокөлігінің жүргізушісі Аманжолов көшесінде жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан баланы қағып кеткен. Салдарынан оқушы алған дене жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. Жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бақытжан Құдияров, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:-Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қарағанды облысының Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардан аса сақ болуды, жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.