Екібастұзда су электр станциясын жаңғырту кезінде ₸1 млрд ұрланған

  • 2107
  • 16.02.2024, 18:40

Екібастұзда 2-су электр станциясын жаңғырту кезінде 1 млрд теңге ұрланған. Жөндеуге бағытталған ақшаны жымқыру фактісін Павлодар облысының прокурорлары анықтаған. Қазір қылмыстық кодекстің «Аса ірі көлемдегі мүлікті ұрлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.