Алматыда Мақатаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында автобус апатына себепкер болуы мүмкін деген жүргізуші ұсталды. 28 жастағы әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қайғылы оқиғадан бір жолаушы көз жұмды. Ал зардап шеккен 4 адам ауруханада жатыр. Қалған 20 жолаушы алғашқы медициналық көмектен кейін амбулаторлық ем алуға жіберілген.
Еске салсақ, Мақатаев көшесімен шығысқа қарай бағыт алған нөмірі 18-ші қоғамдық автобусқа Кia маркалы жеңіл көлігі соқтығысқан.
Ләйла Иманғалиева, қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының бөлім басшысы: - Медициналық көмекке 24 адам жүгінді. Оның ішінде тексеруден кейін 4 ересек адам ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда олардың жағдайлары орташа ауырлықта. Әртүрлі аяқ-қолдары сынған жарақаттармен қазіргі таңда ем-дом алып жатыр. Қалған науқастар тексеріс өткеннен кейін амбулаторлық емге, үйге емге жіберілді.