Теңіз деңгейінен 3200 метр биікте орналасқан «Комби-2» аспалы жолы түске таяу бұзылған.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары мен курорт қызметкерлері кабинада қалған 21 адамды альпинистік құрал-жабдықпен жерге түсірді. Ал Талғар асуында қалған жүзден аса турист қауіпсіз жерге эвакуацияланды. «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының әкімшілігі туристер үшін ыстық сусындар мен жылы орындар ұсынғанын айтады. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Әзірге аспалы жол уақытша жұмыс істемейді. Қазір жауапты қызметкерлер жөндеп жатыр. Ақаудың неден шыққаны да белгісіз.