«Іргедегі Жем өзенінен су ішкен малдың оңғаны жоқ», - деп дабыл қағып отыр ауыл тұрғындары.
Өйткені өлген малды сойып көргендер ішкі құрылысының іріп, өтінің жарылғанын анықтаған. Қазір судан уланды деген болжам айтылып отыр. Ауыл халқының мәліметінше, өзен арнасын кеңейтіп, шлюз сала басталғалы сиырдың өлімі жиілеген. Ветеринарлар су мен өлексенің сынамасын алып, зертханаға жіберді.
Бекарыс Меңдіқұлов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ветеринария бөлімінің бас маманы:
- Қазіргі уақытта өлген малдың барлығынан сынамалар алынып, Атырау облыстық ветеренарлық зертханаға улануға қарсы және аса қауіпті ауруларды қарсы зерттеуге жіберіліп отыр. Зерттеу нәтижесі шыққаннан кейін қосымша хабарлайтын боламыз.