Өрт 6 желтоқсанда Абылай хан көшесінде, бесқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы қосалқы бөлмеде тұтанған болатын. Қою түтіннен зардап шеккен алты адам ауруханаға жеткізілген. Олардың арасында бес бала мен бір ересек адам бар. «Барлығы көміртегі тотығымен уланған», - дейді дәрігерлер.
Ақбаян Арапшаева, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
- Өте ауыр жағдайда түскен балалардың бірі көрсетілген реанимациялық шараларға қарамастан, өкінішке қарай көз жұмды. Бүгінгі күні 3 балада оң динамика байқалып, олар бейінді бөлімшелерге ауыстырылуда. Бір бала әлі де ауыр жағдайда. Ересек пациенттің жағдайы біртіндеп жақсарып келеді.