Жетісу облысы Жаркент қаласында 4 жасар баласын байлап, аяусыз ұрған анаға қатысты сот үкімі шықты. Істі Панфилов аудандық соты қарады. Материалдарға сәйкес, оқиға жуынатын бөлмеде судың ашық қалуынан басталған. Бөлмені су басқанын көрген анасы баласын жылыту батареясына байлап, бірнеше рет соққыға жыққан. Бұл сәтті отбасының танысы видеоға түсіріп, кейін әлеуметтік желіде таратқан.
Сот-психиатриялық сараптама әйелдің туа біткен ақыл-ой кемістігі бар екенін көрсетті. Осыған байланысты сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатып, психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуге жіберді. Ал зардап шеккен 4 жастағы бала 2 жастағы інісімен бірге балалар үйінде. Жақын күндері сот балалардың әрі қарайғы тағдырына қатысты шешім шығаруы тиіс.