Астана мен Алматыда дербес деректерді заңсыз саудалаған қылмыстық топ ұсталды. Қаскөйлер заңсыз жолмен қол жеткізген ақпараттарды интернет арқылы саудалап келген. Олардың негізгі «клиенттері» – жеке тұлғалар мен кейбір микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың өкілдері. Тінту кезінде компьютерлік техникалар, электронды тасымалдағыштар мен ірі көлемде ақша тәркіленді. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.