Щучинскідегі «Палау орталығында» болған жойқын жарылыстан кейін ұсталған дәмхана иесінің қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды.
Ақмола облыстық прокуратурасының дерегі бойынша бұған дейін ол өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны үшін күдікті деп танылған еді. Енді Қылмыстық Кодекстің 292-ші бабы 3-ші бөлігі «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу» бойынша тергеліп жатыр. Сондай-ақ өткен айда газ құю станциясының директоры мен газ баллондарын жеткізуші де қамауға алынды.
Еске салсақ, биыл ақпанның 26-сынан 27-сіне қараған түні Щучинскідегі дәмханада газ баллоны жарылып, 12 адам қаза тапқан еді.