Солтүстік Қазақстан облысында күн жылынғаннан бері 419 адамды кене шағып алды. Оның 111-і бала. Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, қазір өңірде өрмекшітәрізділер қатарына жататын жәндіктердің белсенді кезеңі жүріп жатыр. Олар орманда ғана емес, қаладағы саябақ секілді қоғамдық орындарда да көп кездеседі. Бұл ретте Петропавлда дәрілеу науқаны басталды. Дәрігерлер кене шаққан жағдайда бірден медициналық көмекке жүгіну керектігін еске салады.
Гүлида Жәкеева, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімінің бас маманы:
-Биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша Айыртау ауданында Айыртау ауылы және Лобаново ауылында дизенфекциялық кенеге қарсы іс-шаралар жүргізілді. Кене энцефалитінің эндемиялық ауданы болып Айыртау ауданы болып табылады.