Бірнеше өңірде синтетикалық есірткі арналары жойылды

  • 4
  • 21.05.2026, 19:49

Ішкі істер министрлігі еліміздің бірнеше өңірінде синтетикалық есірткі таратудың ірі арналарының жолын кесті.

Алматы, Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында жүргізілген арнайы операция барысында салмағы алты килограмнан асатын синтетикалық есірткі тәркіленді. Бұл заңсыз айналымға түсуі мүмкін 18 мыңнан астам бірреттік дозаның алдын алу деген сөз. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр.