Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жерасты дүмпулері Астана уақыты бойынша сағат 11:28-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 855 шақырым жерде орналасқан. Баянауыл ауылында 2 баллдық дүмпу сезілген. Алдын ала мәлімет бойынша қираған ғимараттар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта облыстық төтенше жағдайлар департаменті жанынан жедел штаб құрылған.
Самат Қабдылов, облыстық ТЖД ресми өкілі:
-Іс-қимылдарды үйлестіру және жағдайды бақылау мақсатында Павлодар облысы ТЖД базасында жедел штаб құрылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Барлық тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеуде. Жедел желі телефоны ашылды. Тұрғындардан өтініштер түскен жоқ.