Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырды деген күдікпен 30 жастағы ер адамды ұсталды. Тінту барысында оқиға орнынан 200 грамм мефедрон, синтетика жасауға арналған химиялық сұйықтықтар мен прекурсорлар табылған. Сондай-ақ зертханалық құрал-жабдық, магниттік араластырғыш пен колбалар тәркіленген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бақытжан Әмірханов, ҚР ІІМ басқарма бастығы:
-Есірткі өндіру фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-1-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді. Ішкі істер министрлігі елімізде есірткі өндірісін жолға қоюдың кез келген әрекеттерін қатаң түрде кесетін болады.