Соңғы 2 айда террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 13 адам бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабаралады.
Сотталғандардың бірі Астана қаласының тұрғыны. Ол әлеуметтік желілерде террористік идеологияны насихаттағаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Екіншісі Шымкент қаласының тумасы. Ол Қазақстанда теократиялық мемлекет құруға шақырып, терроризм идеяларын таратқан. Сот оны 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Осы кезеңде тура осындай қылмыс жасады деген күдікпен 11 адам ұсталды. Оның ішінде 2 шетелдік және өзге елден экстрадицияланған 3 Қазақстан азаматы бар.