Ақмола облысында вейптерді заңсыз саудалаған қылмыстық топ ұсталды

  • 10
  • 22.06.2026, 19:37

Ақмола облысында вейптер мен оларға арналған сұйықтықтарды заңсыз саудалаған қылмыстық топ ұсталды. Қаржылық мониторинг агенттігі прокуратурамен бірлесіп, заңсыз бизнестің жолын кесті. Күдіктілер өнімдерді әлеуметтік желілердегі интернет-дүкендер арқылы сатып, курьерлік қызмет көмегімен жеткізіп отырған. Олар 221 миллион теңгеден астам табысын дропперлердің есепшоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырған. Сот санкциясымен күдіктілердің пәтері және автокөлігіне тыйым салынып, ұйымдастырушы қамауға алынды. Айта кетерлігі, жыл басынан бері елімізде вейптердің заңсыз айналымына қатысты 12 сотқа дейінгі тергеу басталды. 717 мың данадан астам өнім тәркіленген.